• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
Finiko қаржы пирамидасына қатысқан зейнеткер сотталды

Tenge money in the form of a house. Paper banknotes tenge KZT. Tenge is the national currency of Kazakhstan. bank of Kazakhstan

Finiko қаржы пирамидасына қатысқан зейнеткер сотталды

15.01.2025
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
7
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Finiko қаржы пирамидасына қатысқан зейнеткер сотталды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Қостанай қаласының №2 соты 65 жастағы Д.Қабашеваға қатысты қылмыстық істі қарады. Ол қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарғаны үшін, тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, жаңа қатысушылардың жарналары арқылы бұрынғыларын байытуды ұйымдастыру мақсатында материалдық пайда табу үшін адамдардың ақшасын заңсыз тартты деп айыпталды.

ҚР ҚК 217-бабының 3-бөлігі, 2-тармағына сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, сондай-ақ 7 жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызмет түрімен айналысу құқығынан айыру қарастырылған.

Сот мәліметеріне сүйенсек, «2019 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін айыпталушы алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге, заңсыз материалдық пайда табу үшін салымшыларды жаппай тарту қажеттігін түсініп, WhatsApp мессенджері арқылы жалған ақпарат таратып, Finiko жобасының қызметі туралы шындыққа жанаспайтын ақпараттарды халық арасында кеңінен насихаттаған және әлеуетті салымшыларды ақша салуға үгіттеген».

Салымшылар әлеуметтік желілер арқылы табылып, тартылған. Осылайша азаматтарға 42 миллион теңгеден аса материалдық зиян келтірген.

«Клиенттерден заңсыз алынған қаражат бірден транзакцияларды қадағалауды қиындату үшін «биткойн-миксер» рәсімінен өтіп, кейіннен осы заңсыз әрекеттерді ұйымдастырушылардың қолына жинақталды. Қалған бөлігі жаңа клиенттерден қаражат тарту үшін міндеттемелердің орындалып жатқанын көрсету мақсатында дивидендтер төлеуге жұмсалған. Кабашеваның алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге жасаған қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 12 азаматқа 42 миллион теңгеден астам көлемде материалдық зиян келтірілген, бұл – аса ірі мөлшер болып табылады», – деп хабарлады Қостанай облысы сотының баспасөз қызметі.

Соттың шешімі бойынша сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланды.

«Сот жазаны тағайындау кезінде қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ. Сотталушының жеке басын, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, істің барлық мән-жайларын ескере отырып, Кабашеваға ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 7 жылға бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 7 жыл бойы коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда жетекшілік лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Зардап шеккендердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Tags: Finiko
Алдыңғы пост

Қытай оқу орындарында қазақстандықтар тегін білім алады

Келесі пост

ІІМ: 226 медицина қызметкерінің есірткі қылмысына қатысы бары анықталды

Келесі пост
ІІМ: 226 медицина қызметкерінің есірткі қылмысына қатысы бары анықталды

ІІМ: 226 медицина қызметкерінің есірткі қылмысына қатысы бары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі