Бұдан былай отбасында зорлық-зомбылық жасайтындар үшін заң алдында жауапкершілік күшейді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Отбасы тұрмыстық қатынаста болған қинау әрекеті үшін Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ал денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру Қылмыстық Кодекстің 108-1 бабы және ұрып-соғу Қылмыстық Кодекстің 109-1 бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, былтыр осы санаттағы істер бойынша 85 отбасылық бұзақы сотталған.
Айталық, 7 жыл бойы әйелін ұрып-соғып, психикасына зиян келтіріп қинағаны үшін күйеуі 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екінші бір жағдайда ер адам таныс қызының соңынан қалмай 5 жыл бойы қудалап келген. Тыйымдарға қарамаған. Жүйелі түрде жәбірленушінің үйіне келіп отбасымен қоса қорқытып, ұрып-соққаны белгілі болды.
Осы қылмысы үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.