Алматы облысында орманшы табиғат аясына демалуға келгендерге оқ атқан, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Оқиғаның видеосын Дияс Нұрақын есімді желі қолданушысы бөлісті.
«От жағамын деп оққа ұшты. Алматы облысында орманшы табиғат аясына демалуға келгендерді атып тастапты. Аяғына оқ тиген жігіт ауруханада. Ал, қару қолданған қорықшы қамауға алынған. Қоғамда нервный адамдар көбейіп барады. Сондықтан ешкіммен ерегіспей, тыныш жүріңіздер» дейді ол өз жазбасында.