Испаниядағы Малага университетінің студенті қылмыстық-процессуалдық құқық пәнінен емтихан тапсыру үшін ерекше шпаргалка дайындаған. Ол 11 BIC қаламының мөлдір пластик қабатына ине арқылы микроскопиялық қаріппен бүкіл оқу материалын ойып жазып, әр қаламды жеке тақырыпқа арнап бөлген.
Алайда мұқият дайындалған жоспар іске аспады. Емтихан кезінде оқытушы студенттің шпаргалкасын байқап, барлық қаламды тәркілеген. Соның салдарынан ол емтиханнан өте алмай қалған.
2022 жылы университет оқытушысы Йоланда де Лукки тәркіленген қаламдардың суретін әлеуметтік желіде жариялап, оларды «университет реликвиясы» деп атады. Көпшілік болса, мұндай еңбекті шпаргалкаға емес, сабақты оқуға жұмсағанда нәтижесі жақсырақ болар еді деген пікір білдірді.
