• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
Контрабанда өткізуге көмектескен шекарашы сотталды

Контрабанда өткізуге көмектескен шекарашы сотталды

22.01.2025
айдар: Қылмыс, Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
21
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Кінәлі деп танылған бұрынғы шекарашы алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

2023 жылы 22 шілдеде Жамбыл облысының «Жауғаш батыр» шекара отрядында қызмет атқарған ефрейтор Азат МЕДРАЛЫ мемлекеттік шекарадан заңсыз көлік колоннасын өткізуге қатысы бар деген айыппен ұсталды. Бұл іс Шымкент гарнизонының әскери сотында қаралып, кінәлі деп танылған бұрынғы шекарашы алты жылға бас бостандығынан айырылды.

RATEL.KZ мәліметінше, тергеу барысында анықталғандай, 2023 жылдың 22 шілдесіне қараған түні шекарашы Медралы белгісіз тұлғамен («Арман» есімді адам) байланысқа шығып, бірнеше жеңіл және жүк көлігін шекарадан заңсыз өткізуді ұйымдастыру үшін 5 миллион теңге алуға келіседі. Сол күні ол күзетке түсіп, өз қарамағындағы екі сарбазды шекара бойын тексеруге жіберіп, өзі өткізу пунктінде қалады.

Түнгі уақытта Қырғызстаннан Қазақстанға қарай фараларын қоспастан бірнеше көлік үлкен жылдамдықпен шекарадан өтеді. Шекарадағы басқа сарбаздар күдікті жағдайды байқаған соң дереу рация арқылы штабқа хабарлайды. Олар оқиға орнына оралғанда, Медралының көліктердің дөңгелек іздерін жасыру үшін жерді сыпырып жатқанын көреді.

Құқық қорғау органдарының араласуымен, тек бір жүк көлігі – “КамАЗ” тоқтатылды. Оның ішінен жалпы құны 120 миллион теңгеден асатын 156 550 қорап құжатсыз темекі табылған. Қалған көліктерді тоқтату мүмкін болмады.

Шымкент гарнизонының әскери соты Азат Медралыны билікті асыра пайдаланғаны және шекара күзетінің ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Оған алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, әскери атағынан айырылды. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылды. Контрабандалық темекі жойылуға жатқызылды.

Айыпталушы Медралы өз кінәсін тек ішінара мойындады. Ол оқиға болған күні шаршағандықтан қызметте ұйықтап қалғанын, ал көліктердің өтіп жатқанын көргенде, қатты қорқып, іздерді жасыруға тырысқанын айтты. Алайда, оның бұл айтқандары тергеу мен сот барысында толықтай теріске шығарылды.

 

Фото: flectone.ru.

Tags: контрабандасот үкімішекарашы
Алдыңғы пост

Мүмкіндігі шектеулі жанның несиесі кешірілді

Келесі пост

Алаяқ емші науқастарды гипноздап, телефондарынан несие алған

Келесі пост
Алаяқ емші науқастарды гипноздап, телефондарынан несие алған

Алаяқ емші науқастарды гипноздап, телефондарынан несие алған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі