Қазақстанның 9 облысы көктемгі су тасқынынан зардап шегуі мүмкін, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Бұл жөнінде «Қазгидромет» мәлімдеді.
“Ақпан айында температураның жоғарылауы және қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде жоғары еріген-жаңбырлы су тасқыны өтуі мүмкін. Наурыз, сәуір айларында метеостанциялардағы көпжылдық бақылауларға сәйкес тәулігіне бір айлық жауын-шашын мөлшері түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына алып келуі мүмкін”, – дейді мамандар.
Қауіп деңгейі 3 санатқа бөлінді. Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында су тасқыны қаупі жоғары екені анықталды. Алайда бұл нақты болжам емес.