Маңғыстау облысында белсенді Ұлболсын Тұрдиева “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша 5 тәулікке қамалды. Сот шешімі бойынша ол Мұнайлы аудандық сот ғимаратында “жеке тұлғалардың намысына тиетін сөз айтып, өзгелерге құрметсіздік танытқан”. Алайда белсенді бұл айыпты жоққа шығарып, өзінің ұсталуын “саяси қудалау” деп атады.
Белсендінің өзі соттан шыққан соң:
“Тоқаевтың Жаңа Қазақстанында ештеңе талап ете алмайсың. Сені бұзақы, қылмыскер қылып шығарады,” – деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, Астанада Сандуғаш Қаңтарбаева “билік өкіліне бағынбады” деген айыппен 15 тәулікке қамалды. Бұған дейін белсенділер Марат Мұсабаев пен Нұрбол Өнерхан да 20 және 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.
Құқық қорғаушылар 16 желтоқсан қарсаңында белсенділерге қысымның күшейгенін атап өтуде. Алайда, билік бұл жағдайларға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Жалпы, ресми Астана елде саяси қудалау барын “үзілді-кесілді жоққа шығарып келеді”.