Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен «Орталық – Батыс» автожол жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Жиынға Көлік, Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кеңесте жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы, жер учаскелерін бөлу мен қаржыландыру, сондай-ақ автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдарды алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау жайы қаралды. Жауапты органдарға қажетті техникалар мен тайғаққа қарсы материалдарды алдын ала әзірлеу тапсырылды.
Кеңес қорытындысымен Нұрлыбек Нәлібаев проблемалық мәселелерді жедел шешу, құрылыс сапасын бақылау, ведомствоаралық үйлестіруді күшейту және белгіленген мерзімдерді сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
