Түркияның Ыстамбұл қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басып, көлік қозғалысы қиындады. Су жерасты өткелдеріне, тұрғын үйлер мен кәсіпорындарға кірген.
Бірнеше ауданда су құрсауында қалған адамдарды құтқаруға тура келді. Қауіпсіздік үшін мектептер уақытша жабылып, тұрғындарға үйден шықпау ескертілді.
Мемлекеттік қызметкерлердің бір бөлігіне демалыс берілді. Ал жертөледегі пәтерлердің тұрғындарына түнді қауіпсіз жерде өткізу ұсынылды.
Қала билігі тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.
