Астанада қоғамдық көлік тарифтері өзгереді. Қалалық автобуста электронды төлеммен жүру 150 теңге, қолма-қол төлем 300 теңге болады. Экспресс автобустарда жолақы 300 және 400 теңге болып белгіленді.
Қала маңы бағыттарында әр шақырым үшін 13 немесе 19 теңге төленеді. Әлеуметтік маңызы бар бағыттарда тарифтер-150 және 300 теңге.
Жеңілдік картасы бар жолаушылар тегін жүреді. Қаулы 14 қазанда жарияланды, жаңа тарифтер 10 күннен кейін күшіне енеді.

