Семей қаласында жаңа туған нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған ер адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды.
Оқиға кезінде сәбидің денесі сүлгіге оралған күйде қоқыс жәшігінен табылған. Тергеу деректеріне сәйкес, 20 жастағы әйел үй жағдайында босанып, нәрестені жігітіне берген. Кейін ер адам баланы қоқысқа тастаған.
Әйел бастапқыда нәресте өлі туғанын айтқан. Алайда сараптама баланың тірі дүниеге келгенін және суықтың әсерінен көз жұмғанын анықтады.
Сот мәліметінше, 15 қазанда әйел екі жылға сотталғанымен, жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылыққа сәйкес жазадан босатылған.
Ал ер адам жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
