Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев телеарнаға берген сұхбатында Ресей ұсынысынан не себепті бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Ресей жағы AZAL ұшағының апатқа ұшырауын халықаралық авиация комитетімен бірігіп тергеу жөнінде ұсыныс білдірген. Алайда Әзербайжан билігі бас тартып отыр.
“Біз бұдан түбегейлі түрде бас тарттық. Оның себебі айқын. Бұл институт негізінен ресейлік шенеуніктерден құралған, институтқа Ресей азаматтары жетекшілік етеді. Объективтілік факторы мұнда толық орындалмауы мүмкін. Егер Ресей апаттан кейін бірден әділетті әрі орынды қадамдар жасағанда бәлкім, қарсы болмас та едік. Алайда мәселені жасыруға деген айқын талпыныстарды көрдік” деді Әзербайжан президенті.
Оның сөзінше, ұшаққа шашылған бөлшектерден жолаушылар мен экипаж мүшелері жараланғаны анық.
“Мұны қандай да бір құстарға итеру немесе газ баллоны жарылысы ретінде сипаттау – ақымақтық әрі әділ емес” деді Ильхам Әлиев.