Алакөл көлінің жағалауында, Көктұма ауылы маңында ауыр қайғылы оқиға орын алды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 69 жастағы демалушы әйел кері бағытта қозғалып келе жатқан ірі катердің винтіне түсіп қалған.
Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шегуші ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оның бір аяғы толықтай жұлынып кеткенін, екінші аяғының ауыр зақымданғанын, сондай-ақ көп мөлшерде қан жоғалтып, травматикалық шок алғанын анықтаған.
Науқастың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер шұғыл түрде екі аяғын да ампутациялауға мәжбүр болған. Қазіргі уақытта әйелге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
