• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 15 июля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
Жамбыл облысында интернет-алаяқтарға көмектескен 22 жастағы курьер ұсталды

Жамбыл облысында интернет-алаяқтарға көмектескен 22 жастағы курьер ұсталды

15.07.2026
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
12
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері интернет-алаяқтардың заңсыз әрекеттеріне көмектесті деген күдікпен 22 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті Алматы қаласының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түскен.

Тергеу мәліметінше, жас жігіт қылмыстық схемада курьердің рөлін атқарған. Ол ұйымдастырушылардың тапсырмасы бойынша банк карталары мен ұялы телефондарды тасымалдап, банкоматтар арқылы қолма-қол ақша шешумен айналысқан.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті 2026 жылдың сәуір айынан бері банк карталары мен телефондарды жеткізіп отырған. Тергеу барысында оның осы уақыт аралығында бірнеше рет шетелге шығып, Қазақстан азаматтарының банк карталарын интернет-алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топтың мүшелері болуы мүмкін анықталмаған тұлғаларға тапсырғаны белгілі болды.
Ұстау кезінде күдіктіден бес ұялы телефон мен екінші деңгейлі банктерге тиесілі 13 банк картасы тәркіленді. Алдын ала анықталғандай, карта иелері оларды ақшалай сыйақы алу мақсатында өз еркімен пайдалануға берген.
Полиция азаматтарды жеке банк карталарын, олардың деректемелерін және ұялы құрылғыларын бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Сондай-ақ құқық қорғау органдары банк шоттарын пайдалану немесе ақша аударымдарын жүзеге асыру арқылы «жеңіл табыс» табуды ұсынатын күмәнді ұсыныстардан сақ болуға кеңес береді.

Алдыңғы пост

«Орындықты сасытасыңдар ма?» – Бағдагүл Тамара Асар мен Аша Матайға үн қатты

Келесі пост

Азия шыңын бағындырған чемпион

Келесі пост
Азия шыңын бағындырған чемпион

Азия шыңын бағындырған чемпион

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Абай облысында пышақ жарақаттарымен қыздың мәйіті табылды
  • Азия шыңын бағындырған чемпион
  • Жамбыл облысында интернет-алаяқтарға көмектескен 22 жастағы курьер ұсталды
  • «Орындықты сасытасыңдар ма?» – Бағдагүл Тамара Асар мен Аша Матайға үн қатты
  • Құрылтай сайлауын өткізуге Үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында пышақ жарақаттарымен қыздың мәйіті табылды

Азия шыңын бағындырған чемпион

Жамбыл облысында интернет-алаяқтарға көмектескен 22 жастағы курьер ұсталды

«Орындықты сасытасыңдар ма?» – Бағдагүл Тамара Асар мен Аша Матайға үн қатты

Құрылтай сайлауын өткізуге Үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді

Клиника басшысы 80 млн теңгеге жуық қаржы жымқырғаны үшін сотталды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі